Ақмола облысында пойыз ірі қара малды қырып өткен

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2608

Ақмола облысында жолаушылар пойызы ірі қара малды қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1993 фактісі тіркелген. Темір жолда үй жануарларын басып кетудің 1526 дерегі орын алған.

“Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 3 ірі қара малды қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 18 минутты құрады”, - делінген хабарламада.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...