Алғаш рет Қазақстанда ұлы италиялық композитор Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасы өтеді

Астана опера театры

МУЗЫКА
288

Алғаш рет Қазақстанда ұлы италиялық композиторАнтонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасы орын алмақ.
Спектакль 4-5 қазанда «Астана Опера
ның» Күләш Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында өтеді. Мұнда әрбір көрермен адам құштарлығының жоғары қарқынын сезініп, сиқыршының дуасы қалай қайтатынын көредіжәне елордалық театрдың шығармашыл тобының сапалы жұмысына баға бере алады.

Бұл қойылымға дайындық жұмыстары танымал мәдениет қайраткерлеріне жүктелді, олардың бірі жаңа музыкалық тұжырымдаманың авторы әрі қоюшы режиссері Алла Симонишвили (Италия) әйгілі классикаға деген тың көзқарасты ұсынады. Оның интерпретациясында «Қаһарлы Орландо» операсы заманауи көрерменге барокко дәуірінің жауһарын өзі үшін жаңадан ашуға жағдай жасайды. Қоюшы дирижер ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин өнер көрсетеді. Маэстроның басқаруындағы театр оркестрі әртістерінің шеберлігі көрермендерге А.Вивальдидің жарқын бояуларға, қуатты ариялар мен ансамбльдерге толы музыкасының эмоциялық қанықтығын сезінуге мүмкіндік береді.

А.Вивальди өзінің аспаптық шығармаларымен танымал болғанымен, ол көптеген вокалдық туындылар, оның ішінде опералар да жазды. Біздің сахнадағы «Қаһарлы Орландоның» премьерасы осының жарқын көрінісі болмақ. Жалпы, камералық опера бароккодан бастау алады, дәл осы бағыт опера өнерінің одан әрі дамуына негіз болды.К.Монтеверди сынды ерте кезеңдегі композиторлардың арқасында біз бүгін тамашалап жүрген опералар, мәселен Дж.Верди, Дж.Пуччини немесе Ж.Бизенің туындылары пайда болды. Бұл ұлы композиторлардың барлығы да ерте кезеңдегі опера шеберлерінен үйреніп, олардың бароккоға салып кеткен дәстүрлерін жалғастырды. Біздің театрымыздың сахнасында «Piccolo театры» жобасы аясында Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» немесе жас Джоаккино Россини жазған «Жібек саты» опералары жүреді. Бұл опералар – Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландосы» секілді ерте кезеңдегі туындыларға салынғандәстүрлердің жалғастырушылары. Нәтижесінде, театрымыздың көрермендерге опера өнерінің қайнар көздерін паш етіп әрі сол арқылы логикалық тізбек құра отырып, түп тамырға бойлап жатқанын көреміз, - деді қоюшы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

- «Қаһарлы Орландо» операсында біз өзімізге үйреншікті болған арфа, литавр мен тромбондар жоқ камералық оркестрді көреміз. Мұнда негізінен флейта немесе гобойдың сирек сололары бар ішекті аспаптар тобы жұмылдырылған. Оркестрдің мұндай жеңіл құрамы бізге музыка тілінің қалай дамығанын бақылауға бірегей мүмкіндік береді. Вивальдидің вокалдық партияларға деген көзқарасы да қызықты. Композитор контртенорды, контральтоны белсенді қолданып, колоратураларды орындайтын төмен дауыстарға айрықша көңіл бөледі. Бұл жерде колоратура — бұл біз ойлағандай дауыс жоғарылығының сипаттамасы емес, оның жылжымалылығы екенін айта кету маңызды. Осылайша, тенор да, баритон да колоратуралық дауыстар бола алады. Операдағы аспаптық және вокалдық желілер арасында шексіз әрекеттесу байқалады, бұл Вивальдидің композитор ретіндегі ерекшелігі мен жаңашылдығын айшықтайды, - деп түсіндірді маэстро.

Декорациялар мен костюмдер бойынша суретші Манана Гунианың (Италия) арқасында қойылымның көрнекілік бөлігі де жоғары деңгейде болады. Декорация элементтері ержүрек батырлар заманындағы атмосфераны жаңадан жасайды. Жарық бойынша суретші Сергей Кулак жарықты шебер ойнату арқылы көрнекі қабылдауды толықтыра түседі. Дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин мен суретші-сценографтың ассистенттері Гүлмира Исемғазиева мен Дариға Тайшықова қойылымның шығармашылық ойын жүзеге асыруға көмектесуде. Ал көркемдік-өндірістік бөлім жетекшісі Виктор Караре барлық топтың үйлесімді жұмысына жауап береді.

«Қаһарлы Орландоның» сюжеті сұлу Анжеликаға деген жауапсыз махаббатының салдарынан есінен адасатын басты кейіпкер – жауынгер Орландоның айналасында өрбиді. Құштар сезімді бастан өткеретін Орландо қызғаныш пен ызаға беріліп, ақылынан алжасады. Оның басынан кешкен оқиғалары мен ауыр дертінен бөлек, шиеленіске толы басқа да махаббат желілері өрбіп, ақыр аяғында операның басты кейіпкерлерін бақытқа алып келеді.

Вивальдидің туындыларын орындау аспапшылардан ғана емес, сонымен қатар вокалистерден де таңғаларлық шеберлікті талап етеді. Оның музыкасы күрделі, дегенмен бұл тапсырманы орындауға шеберлік деңгейлері жоғары солистеріміздің қабілеттері жетеді. Вивальди операсы кез келген вокалист үшін күрделі болғанымен, ол ұлы мақсаттарға шабыттандырады. Опера барокко дәуіріне тән ерте вокалдық техниканы меңгеруді қажет етеді. Осындай деңгейге жеткен біздің театр техникалық жағынан соншалықты күрделі туындыларды орындауға қауқарлы деп сеніммен айта аламыз, - деп қорытындылады Абзал Мұхитдин.

Операның премьерасында сахнада танымал солистер, атап айтқанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Лейла Аламанова (Брадаманте), «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова, Әсем Сембина (Анжелика), Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова, (Альчина), Расул Жармағамбетов, Сұлтан Бақытжан (Орландо), Артур Габдиев, Абылай Бекен (Медор), Нарұл Тойкенов, Батыржан Смақов, Талғат Аллабиринов (Руджеро), Алтынбек Әбілда және Ермек Қасым (Астольфо) өнер көрсетеді.

Әртістер көп уақытын дайындыққа арнап, вокалдық партияларын жетілдіре түсуде және кейіпкерлерінің бейнелеріне төселуде. Қойылымның әрбір кезеңінде жаңа тапсырмаларды орындайтын солистердің әрбіреуі Вивальдидің туындысын өзі үшін жақсырақ ашуға талпынуда. Театр осынау ұлы италиялық композитордың опералық туындысымен алғаш рет жұмыс істеп отырғандықтан, қойылымның маңыздылығы одан сайын арта түспек...

Спектакльдердің басталуы 19:00-де және 18:00-де.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...