Қазақстанда блок-бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанмен, әзірге той-томалақ өткізуге...
Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды
Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы Президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Жеңісбек Пиязов – Муслим Магомаев атындағы екінші халықаралық кункурсының Бас жүлдесін иемденген. Сондай-ақ, Мәскеуде өткен орыс романстарын орындаушы жастардың халықаралық ХІІІ «Романсиада-2009» конкурсының лауреты және Полад Бюль-Бюль оглы атындағы Халықаралық вокалистер конкурсында екінші орынды қанжығасына байлаған. 2014 жылы Өзбекстанның еңбек сіңіріген әртісі атағын алған.
Сондай-ақ, Жеңісбек Пиязов Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш орта азиялық әнші. Бүгін Өзбекстан Президенті Ш. Мирзияевтің қаулысымен Жеңісбек Пиязов бауырымызға «Өзбекстан халық әртісі» атағы берілді. Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр.