Құрметті оқырман, көрермен, 5 минутқа жетер-жетпес уақытыңызды ғана алатын «5 сұрақ» атт...
The Beatles пен «Сақиналар әміршісі» немесе Пушкин мен Гоголь
Аты аңызға айналған The Beatles тобының өнер сүйер қауымға сіңірген еңбегі орасан зор. Олардың «Yesterday», «A Day in the Life», «In My Life», «Eleanor Rigby», «Hey Jude»,«Come Together», «Strawberry Fields», «We Can Work It Out Группа» сынды әндері ХХ ғасырдың шедеврлері деп есептелді. Тіпті топ мүшесі Джон Леннонның «The Beatles тобы Иисустан да жоғары танымалдылыққа ие» деген сөзінің астарында шындықтың жатқаны да анық еді. Себебі бұл сөздің иесі – Джон Леннон. Ал Джон Леннон және The Beatles мәңгілік өнер әлеміндегі новаторлар.
Музыкадан бөлек ливерпульдік бұл төрттік, кино саласында да қызмет еткен. Алайда олардың «Сақиналар әміршісі» шығармасын экранизациялау турасындағы әрекеттерін бірі білсе, бірі білмес. Оларға шығарманың ұнағаны соншалық (дұрысы Дж. Леннонға), кітап авторы Дж. Р. Р. Толкинға хат жазып жоғарыдағы ойларын да жеткізген екен. Егер де The Beatles тобының басшылығымен "Сақиналар әміршісі" түсірілгенде Джон Леннон Голлум рөлінде, Пол Маккартни болса Фродоны, ал Ринго Старру бұл идея қатты ұнамаса да, Джордж Харрисон Гэндальфтың мантиясын киіп көруге даяр еді.
Өкінішке қарай, жазушы музыканттардың бұл ұсынысын һәм өтінішін қабыл алмады. Жазушы Дж. Р. Р. Толкин өзінің атын әлемге әйгілер атақты шығармасы үшін мұндай тәуекелге бара алмады. Бұл әрекеттің дұрысы яки бұрысы бізге белгісіз. Тек қана The Beatles пен Дж. Р. Р. Толкиннің арасында орын алған бұл оқиға біздің ойымызға «Өлі жандарды» Гогольдің қаламына сия қылып құйып берген Пушкин әкелді. Пушкин және Гоголь...
- Оқи отырыңыздар: «Өлі жандарды» неге Пушкин жазбаған? (Поэма жанры жайында бірер сөз)