120 адам төбеде тұрып қалды: «Шымбұлақта» аспалы жол бұзылып, кабиналар тоқтап қалды

Фото: istockphoto.com/Эльмира Бектемірова

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы «Комби-2» аспалы жолы істен шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорт қызметкерлері дереу әрекет етіп:

  • кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсірді;
  • Талғар асуында болған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Курорт әкімшілігі эвакуацияланған адамдарға ыстық сусын ұсынып, арнайы жылыту орындарын ұйымдастырды. 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемей тұр, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Мамандардың айтуынша, бұған дейін ТЖД, РЖҚЖ және «Шымбұлақ» қызметкерлері арқанды жолдағы төтенше жағдайларды үлгілейтін оқу-жаттығулар өткізген. Дәл осы дайындық құтқару операциясын шынайы жағдайда жедел әрі қауіпсіз жүзеге асыруға мүмкіндік берген. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...