Қарағандыдағы жасанды су қоймасында жасөспірім суға батып кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
500

Қарағандыдағы жасанды су қоймасында жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға кеше «Көгілдір тоғандар №2» жасанды су қоймасында болған. Шомылуға арналмаған әрі шомылуға тыйым салынған жерде суға түсу кезінде 2010 жылы туған жасөспірім суға батып кеткен. Оқиға туралы құтқару қызметіне қаза тапқан баланың қайғылы сәтте қасында болған екі досы хабарлаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға шомылуға тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарында ғана рұқсат етілетінін еске салады. Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде суға түспеңіздер, өз күштеріңізді асыра бағаламаңыздар және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап, қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...