Ақтөбе облысында балабақша қызметкері ұйықтап жатқан 1,5 жастағы баланың бетін тырнаған

Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
530

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бегімбет ауылындағы балабақшада күтушінің көмекшісі ұйықтап жатқан 1,5 жастағы баланың бетін тырнаған. Оқиға мектепке дейінгі білім беру ұйымының бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкер баланың бетіне қол тигізіп, кейін бөлмеден шығып кеткен. Қызметкердің мұндай әрекетке не себепті барғанын қазір полиция анықтап жатыр.

Оқиғаға қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, құқық қорғау органдары балабақшадағы бейнебақылау жазбаларын тәркілеген.

Шалқар аудандық білім бөлімінің мәліметінше, аталған балабақшада барлығы 25 бала тәрбиеленеді. Оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталған. Балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар қызметкер аталған мекемеде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Білім беру мекемесінде болған жағдайға байланысты өкініш білдіреміз. Жағдай бақылауда», – деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аян Башанов.

Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталады.

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...