«Қазатомөнеркәсіп» акциялары басшыларының ұсталуынан кейін күрт арзандады

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
84

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының акциялары соңғы 52 аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Бұған компанияның топ-менеджері Қуаныш Омарбековтің ұсталуынан кейінгі жағдай әсер еткен болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан қор биржасында (KASE) компания акциялары 2,6 пайызға арзандап, 25 190 теңгеге дейін төмендеді. Бұл – соңғы бір жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде айтсақ, бір жыл бұрын «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының құны 45 493 теңгеге дейін жеткен. Осы уақыт ішінде бағалы қағаздар шамамен 45 пайызға арзандаған. Компанияның Лондон қор биржасындағы депозитарлық қолхаттары да құлдырады. Олардың бағасы 1,99 пайызға төмендеп, 54,2 долларға түсті.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық атом компаниясы Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растаған еді. Ол өндіріс жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі қызметін атқарған. Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырып, декреттік төлем мөлшерін заңсыз көбейтумен айна...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 аумағында мердігер компанияның жұмысшысы қаза тапты, де...