Ақтөбе облысында мал бағуға кеткен бала көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
651

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға болды. Мал бағып жүрген 14 жастағы мектеп оқушысы суға батып қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім інісімен бірге жайылымда мал бағып жүрген. Кейін олар еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған. Алайда бала суға түсіп, қайта шыға алмай қалған.

Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар мен тиісті қызмет өкілдері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды шомылуға арналмаған су айдындарына жібермеуге шақырады. Әсіресе жаз мезгілінде еріген қар суы мен қолдан жасалған су жиналатын орындар аса қауіпті екенін ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан халқына құтты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...