Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы әкесімен қауыштырды, деп хабарлайды Mad...
«Уәдесінде тұрмады»: Руслан Өтепбай марқұм фельдшердің күйеуі туралы сөз қозғады
Коллаж: әлеуметтік желі
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы журналист желідегі парақшасында айтты.
“Астанаға барып марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алып қайттым. Біз білмейтін шындық пен сұмдық өте көп екен. Ал Әділет сұхбат беремін деп еді, уәдесінде тұрмады. Сұхбатты 1-2 күнде YouTube арнама жүктеймін”, - деп жазды ол.
Ұлдана Мырзуан — Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында қызмет еткен 23 жастағы фельдшер. Ол 2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Ұлдана 2017-2021 жылдары Астанадағы «Даналық» колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша фельдшер кәсібін меңгеріп, оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған. Оқуын аяқтағаннан кейін шамамен төрт жыл бойы елордалық жедел жәрдем станциясында еңбек еткен.
2025 жылғы 8 қарашада Астанада тұрғын үй ғимаратының кірпіш қаптамасы құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барған.
Ұлдана зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алған. Мәлімет бойынша, ол екі адамды қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен. Үшінші адамға көмек көрсету кезінде жоғарыдан кондиционер құлап, фельдшердің басына тиген.
Ұлдана бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, 2025 жылғы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.