Ақтөбеде қыз баланы танысы жанжалдан кейін пышақтап тастаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
273

Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны Ақтөбеде қыз баланы өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұған дейін таныс болған. Олардың арасында жанжал туындап, ер адам қыз баланы пышақтаған. Зардап шеккен қыз оқиға орнында көз жұмған.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себебі мен мақсаты анықталуда. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің бас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...