«Сіздер білмейсіздер»: Ринат Зайытов Заңдағы 9-бап туралы айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
247

Депутат Ринат Зайытов Конституциядағы 9-бап туралы пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Депутат аталмыш баптың екінші тармағы өзгеріске ұшырағанын алға тартты.

"Біздің қоғам атазаңның 9-ыншы бабының екінші тармағын дүрлігіп талқылап, біраз тіл жанашырларын айыптап, күстаналап жатқанда мәжіліс пен ақорданың ішінде үнсіз көп іс атқарылып жатқанын сіздер білмейсіздер әрине. Міне сол тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтініштерін беріп, сол 9-ыншы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді!

Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір.

Ең бастысы осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік-желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!

P.S. Наполеон Бонапарттың бойы бір киімілгішке жетпей тұрғанда бір офицер келіп,

"Генерал, киіміңізді мен ілейін. Сізге қарағанда биіктеумін ғой" депті.

Сонда Наполеон" сен-биік емессің, ұзынсың" деген екен.

Мелекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана", - деді Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда екі баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ma...