Әлеуметтік желілерде әкімнің мешітте намаз оқып жатқан сәті түсірілген видео кең тарап, жұрттың наза...
«Артық әңгіме айтпаған жөн»: Света Айтбаева Жүрсін Ерманға араша түсті
Фото: el.kz
Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ақын Жүрсін Ерманға сәлем берген видеосы қызу талқыға түсті. Бейнежазба тарағаннан кейін желі қолданушыларының бір бөлігі Жүрсін Ерманды «Димашқа бата бермеді», «әншіні елемеді» деп сынады. Осы пікірлерге Света Айтбаева пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz el.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода Димаш үлкенге ізет білдіріп, сәлем бергенімен, желі қолданушыларының бір бөлігі ақынның үн қатпағанына назар аударып, түрлі пікір білдірді.Димаштың анасы Света Айтбаеваның айтуынша, бұл – әуежайдағы кездейсоқ кездесу болған.
Біздің үйдің балалары ата-әженің бауырында өскен балалар. «Үлкен кісі көрсең жүгіріп барып сәлем бер!» дегенді естіп өсті. Бұл жағдай аэропортта болған оқиға. Тіркеуден өтіп, ішке кіріп келе жатқанда Жүрсін аталарына сәлем берді, арнайы бата алуға барып тұрған жоқ, – деді Света Айтбаева.
Оның пікірінше, Жүрсін Ерман жолдан шаршап отырған болуы мүмкін, әрі оның соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп жүргені белгілі. Сондықтан бұл жағдайға артық мағына жүктеп, орынсыз әңгіме таратудың қажеті жоқ екенін айтты. Ол ақынның қазақ өнеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалау керектігін атап өтті.
Димашқа бар қазақтың пейілі дұрыс, елдің батасымен қанаттанып жүрген бала ғой, атасына сәлем берді, бастысы, – дейді ол.