Сендерді сағынамыз: Криштану Роналду жолапатынан көз жұмған футболшы туралы жазба қалдырды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1436

Криштану Роналду жолапатынан көз жұмған футболшы туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлемге танымал футболшы Криштиану Роналду бір құрамада ойнаған әріптесі Диегу Жота туралы жазба жариялап, оның отбасына көңіл айтатынын жазған. 

“Ақылға сыймайтын дүние. Кеше ғана құрамада бірге едік. Кеше ғана үйлендің. Олардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Жандарын жәннатта болсын. Сендерді сағынамыз”, - деп жазған футболшы. 

Айта кетейік, бүгін Португалия құрамасы мен Ливерпуль клубының орталық шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Диегу Жота 22 сағат бұрын ғана әлеуметтік желідегі парақшасына “Біз ешқашан ұмытпайтын күн” деген жазбамен үйлену тойынан видео жариялаған екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...