Астана әкімдігінің грант иегерлері белгілі болды: толық тізім жарияланды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
462

Астанада 2026–2030 оқу жылдарына арналған қала әкімдігінің мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Тиісті қаулыға елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Шешім еңбек нарығындағы мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 20 тамыздағы отырысының қорытындысы негізінде қабылданған. 

Гранттар күндізгі бөлімде жоғары білім алатын студенттерге 2026–2030 оқу жылдарына берілген. Иегерлер қатарында педагогикалық бағыттар, ақпараттық технологиялар және көлік қызметтері секілді мамандықтарға түскен талапкерлер бар. Сондай-ақ 2026–2029 жылдарға арналған резидентура гранттарының иегерлері де анықталды. 

Бұдан бөлек, оқу барысында босаған білім гранттарын қайта бөлу нәтижесінде жеңімпаз атанған студенттердің тізімі бекітілген. Грант иегерлерінің толық тізімі Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ер адам өзінің 18 жастағы немере ағасын өлтіріп, кейін о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой...