Нығматулиннің Қарағандыдағы зауытында 8 қызметкер жарақаттанды

Фотосурет: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2498

2024 жылдың 20 шілдесінде, таңғы сағат 04:10-да ydd Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Оқыста №1 пештен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz YDD корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Компания сенбі күні, 20 шілденің таңында зардап шеккен барлық қызметкерлердің ауруханада жатқанын, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

"Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетеді және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста болады", -  деп сендірді YDD.

YDD Corporation ферроқорытпа зауыты Қарағандыда орналасқан. Жылына шамамен 240 мың тонна ферросилиций өндіреді. "YDD Corporation" ЖШС құрылтайшысы компанияның тең иесі Ерлан Нығматулин болды. 2021 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің рейтингіне кірді.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...