БӘСЕКЕЛІК - ҚҰЛШЫНЫС ТУДЫРАДЫ

Жаңалықтар
1594

Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын - дүниеге әкелер бұрынғы жүргізілген талдау қорытындысы, талай нәрсенің басын ашады. Тамақ өнімдерінің ішкі нарығында көрнекті дәрежеде импорт бары анықталды. Отандық кәсіпорындардың дәстүрлі түрде шығаратын: сары май, өсімдік майы, шұжық, сүзбе, ірімшік, сондай-ақ қант, жеміс-көкөніс және ет консервілері секілді азық-түлік түрлері осыған жатады. Бұдан шығаратын қорытынды: қолымызда бар ауыл шаруашылығы өнімдерін қажетті деңгейде қайта өңдеу жұмысының төмендігі мен қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық пайдалана алмауы деуге болады.  

Осы орайда саланы техникалық реттеу мақсатында ЕАЭО шеңберінде 12 техникалық регламентпен қатар стандарттар тізбесі де мақұлданды. Сондай-ақ осы шеңбер аясында негізгі өнім түрлеріне арналған қосымша 4 техникалық регламентті әзірлеу жоспарланған. Дейтұрғанмен сапасыз өнім қарасы азаяр емес. 

Бұндай жағдайдың туындауына біраз фактордың әсері бар. Алынған өнімдерді дайындаушы және шикізат өңдеуші кәсіпорындардың өз тауарларын нарық көзіне жеткізу әдісін толық меңгере алмауынан осындай келеңсіздік қалыптасқан. Нарық көзіндегі үймелеген делдардар өндіруші мен шикізат өңдеушілердің өзара қарым-қатынас жасауына жол бермей, сатып алу бағасын құлдыратты. Соның кесірінен өндірушінің ынтасы төмендеп, өңдеушінің жұмысы ақсап, бар қуаты толық пайдаланылмады. Ақыр аяғында азық-түлік тауарлары импортының үлесі жоғарылауына әкелді. Ол өз тарапында біздің өнімнің сапасы мен үлесі жағынан әлжуаздық танытып,  шетелдік тауарларға жол берді. Яғни бәсекелестікке қауқарсыз болды. Сонымен қатар көптеген шаруашылықтар қаржы мен білікті кадр тапшылығына да душар болып отыр. Сондай-ақ санитариялық талаптарды орындау үшін кететін қомақты шығындар мен салық заңнамасының олқылықтарына да байланысты ет, сүт және тағы басқа өнімдерін олардың  қайта өңдеуіне мүмкіндігі жоқ. Өздерінің сауда желісі болмау және оны ашып, жүргізу де бұндай кәсіпорындар үшін оңай шәруа болмай тұр.  

Осы аталған проблемаларды шешудің бірден бір жолы – «ауыл шаруашылығы кооперациясы» екені даусыз.

Ол үшін нақтылы жоба-жоспарлар төмендегідей:

Ішкі нарықты қамтамасыз етіп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту барысында атқарылатын аталмыш бағдарлама аясында тиісті шаралар қарастырылды. Азық-түліктің ішкі сұранысын реттеу үшін басым өнім түрлерін өндіруді қолға алу қажет. Құс еті, ет, сүт өнімдері, балық, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және қант сияқты өнімдердің өндірісін дамыту қолға алынады.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сонымен қатар тамақ өнеркәсібін дамыту үшін ішкі нарықты азық-түлікпен толықтыру, мал шаруашылығына қажетті құрама азық көлемін арттырып, экспорттық әлеуетті көтеру үшін басымдыққа ие өнім түрлерін өндіруге аса маңыз бөлінеді. 

Осыған орай ішкі және сыртқы нарықтағы отандық өнімдердің қауіпсіздігін реттеп, қорғайтын ЕАЭО-ның техникалық регламенттері өз мүмкіндіктерімізге орай жасалатын болады.

Қайта өңдеуші кәсіпорындардың қуатын толық пайдаланып, шикізат өңдеу жұмысын жандандыру арқылы ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық өнімнің бәсекелестігін кешенді түрде күшейту көзделген.

Жеке және ұсақ шаруа қожалықтары шығарған өнімдерін ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы дайындау мен қайта өңдеушіге жеткізу жолдары жетілдіріледі.  

Заман талабына сай жабдықталған, бәсекеге қабылетті, өнімдері экспортқа бағытталған қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібіне қатысты кәсіпорындар салуға немесе жаңғыртуға кеткен инвестициялық шығындарды субсидиялау жалғасын таба береді.

Шикізатты қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі өнімінің отандық және экспорттық брендін қалыптастыру, тамақ өнеркәсібі мен қайта өңделген тауарларға қосымша құны жоғары түрлерін экспорттауға басымдық танытылады. 

Осы орайда сол кәсіпорындарға халықаралық талаптарға сәйкес  сертификаттау қарастырылады. Сондай-ақ олардың басшыларымен қатар мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі шаралар да жүзеге асырылады.

Аталған шараларадың қорытындысы ретінде шикізат көзі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін жіті қадағалау жүйесі қолға алынады.  

З. Самалбекұлы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...