“Баладан бас тартамын”: Астанадағы вокзалдан 3 жасар бала табылды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3068

Астанада вокзал маңында кішкентай бала табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Анасынан көз жазып қалған бала  медициналық мекемеге орналастырылды.

Әуелі WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тараған. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында «Баладан бас тартамын» деген жазба бар екені айтылған.

Көлік департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сонымен қатар полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

«Астана» станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды», делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...