Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1029

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бүгін бірнеше лауазымға жаңа басшылар тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атап айтқанда, Нұржан Қажыақбаров Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметіне келді.

Ал бұрын Қазақстанның Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар Геннадий Зуев те Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқаратын болды.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігін 2022 жылдан 2025 жылдың маусымына дейін басқарған. Ол бұл қызметке қаңтар оқиғаларынан кейін келген еді. Министрліктен кеткеннен кейін оның жаңа қызметі туралы ақпарат қоғам назарын аударды.

Жаңа тағайындаулар Қауіпсіздік кеңесі аппаратының жұмысын күшейту және мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді үйлестіру бағытындағы кадрлық өзгерістердің бірі болып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...