Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при тур...
Дәрігерлер магнит жұтып қойған 5 жастағы баланың өмірін сақтап қалды
Фото: freepik
416
Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балаға ота сәтті жасалды. Магниттер асқазан-ішек жолының әр бөлігінде тұрып қалып, бір-біріне тартылған. Соның салдарынан ішек қабырғалары зақымданған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Хирургтер ашық ота жасап, үш магнитті алып тастап, зақымданған тіндерді қалпына келтірді. Емнен кейін баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған.
Дәрігерлер бірнеше магнитті қатарынан жұтып қою денсаулыққа аса қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан мұндай жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу дәрігерге қаралу керек.