Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өткен жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 1...
Google мен Гарвард университеті адам миының үш өлшемді картасын жасап шықты
АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары және интернет алыбы Google адам миының ең егжей-тегжейлі үш өлшемді картасын жасады. 225 миллион кескін мен петабайттан (1 миллион гигабайт) астам деректерді қолданатын карта неврологияда және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтіндер үшін сенімді ресурс ретінде пайдаланылуға бағытталған.
Түрлі-түсті реңктермен кодталған картада 4000 аксон бір ғана нейронмен байланысқан. Аксондар сенсорлық кірісті қабылдауға жауап беретін жүйке жүйесінің ең негізгі жасушаларын құрайды. Аталмыш зерттеу жұмысы тек бір миллиметрлік ми тінін бейнелегеніне қарамастан, адамзат тарихындағы қайта жаңғыртылған ең толық карта ретінде есептелді.
Сондай-ақ картаға ондаған мың құрылымдық нейрон, миллиондаған нейрон фрагменттері, 130 миллион түсіндірмелі синапс және аксон құрылымдары, дендриттер мен миелиндерді қоса алғанда, әр түрлі жасушалық құрылымдар кіреді.
Зерттеуге байланысты Google 1 маусымдағы блогында «алынған түсініктер, ең жақсы жағдайда, неврологиядағы ең қызықты объект - адам миын түсіну үшін ішінара ғана ақпараттандырады» деп жазды.
Жоба үшін мидың үлгілерін жасырын түрде Массачусетс госпиталінің пациенттері ұсынды, онда хирургтар эпилепсияны жеңілдету үшін операция жасау кезінде қалыпты церебральды қыртыстың бөліктерін алып тастады. Үш өлшемді карта - бұл кортекстің барлық алты қабаты бойынша бірнеше жасуша типтерін қамтитын, адамның ми қабығындағы синаптикалық байланыстыруды алғаш рет зерттеу.
Көбіне «сұр зат» деп аталатын ми қыртысы сүтқоректілер миының ең үлкен бөлігін құрай отырып, алты қабат жүйке жасушаларын қамтиды. Сұр зат ойлау, жоспарлау, қабылдау, тіл, есте сақтау және ерікті қозғалыс сияқты көптеген жоғары деңгейлі функцияларға жауап беретіні баршамызға аян.
Google жобаның басты мақсаты - адамның миын зерттеудің жаңа әдісін жасау, сонымен бірге ағзаның жүйке жүйесін картаға түсіруге негізделген технологияны қолға алу деп мәлімдеді. Айта кетейік, картаны көргісі келетіндер онлайн режимінде 3D визуалдау интерфейсінің ашық көзі Neuroglancer-ке кіре алады.