Жуырда ғана Атырау облысының Әділет департаменті Құрманғазы ауданының халқымен кездесу ұйымдас...
Тараздық тұрғын үш жыл бойы өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмады
Фото: orda.kz
Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамға Қазақстан азаматтығын ресейлікке ауыстырды деген себеппен өз елінің азаматтығынан бас тартылды, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
2019 жылдың қыркүйегінде Тараз қаласының тұрғыны Халыққа қызмет көрсету орталығына қайта тіркеуден өту және жеке куәлігін ауыстыру туралы өтініш білдірген, бірақ оның сұранысы қанағаттандырылмады.
2019 жылдан бері ер адам Ресей азаматтығын қабылдамағанын айтып, полицияға бірнеше рет хабарласқан. Ақпаратты Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі де растады. Осы хат пен қызметтік тергеу қорытындысына сүйене отырып, полиция әупірімдеп жүріп әрең дегенде талапкердің жеке куәлігінің жарамсыздығын жойды.
Алайда ер адам полиция қызметкерлерінен моральдық шығын үшін үш миллион теңге өндіріп алмақшы.
Сотта жауапкердің өкілі талапкердің азаматтығынан айырылғанын тіркеуді Ресей Федерациясының Федералдық көші-қон қызметі басқармасы шетел мекемесі жүргізгенін алға тартып, талапты мойындамады. Басқа себептерге ер адамның 2019–2020 жылдары қаңтар оқиғасы кезінде әкімшілік ғимараттар мен мұрағаттардың қирауына байланысты полицияға хабарласқаны туралы ақпараттың болмауы жатады екен.
Осылайша, талапкердің азаматтығын жоғалтуының негізгі жауапкерінің кінәсін дәлелдеу мүмкін болмады. Алайда сот полиция қызметкерлерінің үш жылдан астам уақыт бойы Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қолданбағанын, соның салдарынан біраз зардап шеккенін ескерді.
Нәтижесінде талап жартылай қанағаттандырылды - полициядан моральдық шығын үшін 300 мың теңге өтемақы өндірілді.