Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінінін бала күтушісі тонап кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1089

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова үйіне жұмысқа алынған қызметшіге қатысты күтпеген жағдайды бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Индираның сөзінше, үй қызметшісі арнайы агенттік арқылы жұмысқа орналасқан. Алайда біраз уақыттан кейін әйел ешкімге ескертпестен үйден кетіп қалған.

Әншінің жарының айтуынша, қызметші үйді жинап қана қоймай, үйдегі ақша мен кейбір заттарды да алып кеткен. Кейін оның жеке құжаттары табылған.

Оқиғадан кейін Индира Мауленова әлеуметтік желідегі оқырмандарына үйге қызметші аларда мұқият болуға кеңес берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...