«Әділ шешім»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
60

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты Мұхаммад Алиосман мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Заңгердің айтуынша, бүгін апелляциялық сот Жақсыгенге қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтап, түпкілікті шешім қабылдаған.

«Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сабыралиева Фаризаның мүддесін қорғаушы адвокат ретінде қабылданған сот шешімін заңды, әділ әрі негізді деп есептеймін», – деп жазды Мұхаммад Алиосман.

Осылайша, Нұрсұлтан Жақсыгенге тағайындалған 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы өзгерген жоқ.Сондай-ақ ол бес жылға блогерлік және өзге де жария ақпараттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

Оқиға неден басталды?

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Сабырәлиева бұрын азаматтық некеде тұрған. Олардың екі ортақ баласы бар. Ерлі-зайыпты 2024 жылдың сәуірінде бірге тұруды тоқтатқан.

Кейін Фариза бұрынғы серігінің әлеуметтік желіде өзі туралы жалған ақпарат таратып, ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргенін айтып, құқық қорғау органдарына шағымданған.

2026 жылғы 16 қыркүйекте Алматы облысының Қарасай аудандық соты Жақсыгенді Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға соттады. Сонымен қатар Фариза Сабырәлиеваның пайдасына 5 миллион теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Жақсыген өзіне тағылған айыпты мойындамай, даулы жазбаларды өзі жарияламағанын мәлімдеген. Оның қорғаушысы Тілеужан Кішкенебаев сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіретінін айтқан болатын.

Алайда адвокат Мұхаммад Алиосманның бүгінгі мәлімдемесіне сәйкес, апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін бензовоз аударылып, өртеніп кетті. Көлік кабинасынан құтқарушыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртауда қатыгездікпен өлтірілген 38 жастағы Ирина Керннің жерлеу рәсімі ертең өтеді. Марқұмның ту...