Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Мәдениет...
Конституциясы жоқ елдерді білесіз бе?
Фото: ашық дереккөзден
Біріккен корольдіктің көптеген елден айырмашылығы – біртұтас жазбаша конституцияның жоқтығы, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Оның саяси жүйесі бірнеше дереккөзден қалыптасатын «жазылмаған конституцияға» негізделген. Оған 1215 жылғы Ұлы бостандық хартиясы, 1689 жылғы Құқықтар туралы билль, 1707 жылғы Одақтастық туралы акт, парламент актілері, сот үкімдері және ұзақ уақыт бойы қалыптасқанымен ресми түрде жазылмаған, бірақ қатаң сақталатын саяси дәстүрлер кіреді.
Осыған ұқсас жағдай Израиль, Сауд Арабиясы, Жаңа Зеландия және Канада сияқты бірқатар өзге де мемлекетте кездеседі. Оларда да біртұтас жазылған конституциялық құжат жоқ.
Израильде ресми конституция жоқ. Бірақ Кнессет қабылдаған «Негізгі заңдар» сериясы қолданыста. Сауд Арабиясында басқару жүйесі Ислам құқығына (шариғатқа) негізделген.
Жаңа Зеландия заңдар, сот шешімдері және конституциялық дәстүрлердің үйлесіміне сүйенеді.
Канада да біртұтас конституция қабылдамаған. Ел заңдар мен конвенциялар жиынтығына сүйенеді. Олардың ең маңыздысы - 1867 және 1982 жылдардағы конституциялық актілер.