Амманда өткен Азия чемпионаты аяқтады

Жаңалықтар
1177

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионаты аяқтады.



Құрлықтық додада 92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовты жеңді. Осылайша, құрама қоржынына үшінші алтын медальды салған болатын.

Ауыр салмақта майданға шыққан Қамшыбек Қоңқабаев (92+) өзбекстандық қарсыласы Лазизбек Муллажоновқа есе жіберді.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов (71 келі) Азия чемпионы болды.

Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальға ие болды.


Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола.

Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші сатыда.

Үндістандықтар 12 жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:

1. Қазақстан — 6-7-8

2. Өзбекстан — 6-3-4

3. Үндістан — 4-2-6

4. Иордания — 2-3-2

5. Таиланд — 2-2-1

6. Жапония — 1-5-1

7. Оңтүстік Корея — 1-1-4

8. Тайвань — 1-0-3

9. Филиппин — 1-0-2

10. Вьетнам — 1-0-1

11. Моңғолия — 0-2-8

12. Қырғызстан — 0-0-4

13. Иран — 0-0-2

13. Тәжікстан — 0-0-2

15. Пәкстан — 0-0-1.


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...