Мектепте атыс болып үш адам қаза тапты

Фото: Fotolia/scherbinator

ЖАҢАЛЫҚТАР
1836

АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Миннеаполис қаласында орналасқан Annunciation атты католик мектебінде болған атыс салдарынан үш адам, соның ішінде атыс ашқан күдікті де қаза тапты. Шамамен 20 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қалалық билік өкілдері күдіктінің «залалсыздандырылғанын» және «халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын» мәлімдеді. Дереккөздердің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп Миннесота штатында болған атыс туралы хабардар екенін айтты.

Миннесота штатының Миннеаполис қаласында болған қасіретті атыс жөнінде толық ақпарат алдым, – деп жазды ол Truth Social желісінде. – ФБР жедел әрекет етіп, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ақ үй бұл қорқынышты жағдайдың барысын қадағалайды, – деп қосты АҚШ басшысы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде жаңа туған сәбидің өліміне қатысты резонансты іс сотта қаралып жатыр. Сот барысында айыпталу...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қ...