Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1239

Табысы төмен азаматарға несие беру талаптары күшеймек, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, халықтың шамадан тыс борыштық жүктемесін азайту мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді. 

"Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды.

Сондай-ақ, қарызын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...