«Қайын атасы түрмеде отыр»: Меркіде қайтыс болған Мадинаның анасы шындығын айтты (ВИДЕО)

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының отбасылық өмірінде көрген қиындықтары туралы айтты. Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында қызының күйеуінен бірнеше рет зорлық-зомбылық көргенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның анасының айтуынша, Мадина күйеуі Мадиярдың қол көтеретінін жиі айтып, бірнеше рет төркініне қайтып келген. Алайда күйеуі кешірім сұраған сайын отбасына қайта оралып отырған.

«Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. “Кетпе, кетпе” десем де, қайтып кететін», – деді анасы.

Әйелдің сөзінше, қызы бір рет полицияға шағымданған. Алайда енесінің ескертуінен кейін құқық қорғау органдарына қайта жүгінбеген.

«Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі: “Қызым, қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің?” деген. Содан кейін шақырмайтын болған», – деді ол.

Мадинаның анасы күйеу баласының әкесі жол-көлік оқиғасына байланысты түрмеде отырғанын да айтты. Оның сөзінше, қайын атасы жазасын өтеп жүрсе де, келінінің отбасына қайта оралуын талап еткен.

«Мадиярдың әкесі түрмеде. Авария жасап, бір адамды өлтіріп алған. Ол түрмеде болса да, қызым үйге келсе, “Қайт, қайт” деп звондайды. “Атамның сөзі – сөз” дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын», – деп еске алды марқұмның анасы.

Айта кетейік, Меркі ауданында 19 жастағы Мадинаның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Марқұмның анасы сұхбат барысында қызының отбасындағы жағдайына қатысты бұрын айтылмаған жайттарды бөлісті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммит...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға қарай зейнетақы активтерінің 20–30 пайызын отандық жеке басқарушы компа...