Алматыда бала қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған кезде өткір зат маңдай тұсына қадалған, деп ха...
Түйе жолға шығып, төрт адам қаза тапты: Маңғыстаудағы жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды
Stan.kz
Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Stan.kz жазды.
Қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry жолға шығып кеткен түйені қағып кеткен. Соққы салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші Toyota Camry-мен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы төрт адам ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар жолға шығып кеткен түйенің иесі іздестірілуде.