Қазақстанда көлік және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға жаңа жеңілдіктер енгізілді
akorda.kz
Қазақстанда көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді қолдау мақсатында жаңа салықтық жеңілдіктер қарастырылды. 2025 жылдың 11 сәуірінен бастап бірқатар қосалқы бөлшектер мен материалдар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Бұл жеңілдікке бояулар, лактар, пленка, вулканизацияланған резеңке бұйымдары, тоқыма жабындылары, кондиционерлер, сорғылар, конвейерлер және басқа да маңызды компоненттер енді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шара Қазақстанда көлік және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға және жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Бұйрықта көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының, сондай-ақ оларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуден босатылатын компоненттерінің тізбесі жаңартылды.