Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2412

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады.

Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы, 1983 жылы туған, 2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетысу-2 шағынауданы, 50-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін байланыс үзілген.

Сыртқы белгілері: бойы – 165-170 см, орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр, мойнында тыртық бар.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған ер адамды 2025 жылдың 3 сәуірінде полицейлер Алматы облысы аумағынан тапқан. Іске қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ата-анасы туралы сыр бөлісіп, көзіне жас алды. Ол әкесімен 40 жыл а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...