Шортандыда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді жоғары кернеулі тоқ соқты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
115

Астанадан барған 9-сынып оқушысы досымен бірге теміржол вокзалына барып, вагонның үстіне шыққан. Сол жерде жоғары кернеулі электр сымына қолы тиіп, қатты тоқ соққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

15 жастағы жасөспірімнің денесінің шамамен 70%-ын күйік шалған.

Оқушы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр деп отыр.

Жағдайына байланысты оны басқа қалаға тасымалдауға әзірге рұқсат жоқ.

Оқиға кезінде жанында болған екінші жасөспірім аман-есен өз үйіне оралған.

Көліктегі полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлын пышақтап өлтірген әке 8 жылға сотталды. Қайғылы оқиға 4 шілдеде Қостанай облысының Арал ауданын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарла...