Жетісуда «жүкті» әйел 15 күнге қамалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
127

Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел сотқа жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Құжаттың жалған екені прокуратура тексерісі кезінде анықталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Талдықорғанда Hyundai Sonata тізгіндеген әйел мас күйінде ұсталған. Әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін ол сотқа жеке емхана атынан берілген жүктілік туралы анықтаманы ұсынған.

Алайда тексеру барысында әйелдің аталған медициналық мекемеге бармағаны әрі тиісті тексеруден өтпегені белгілі болған.

Сот әйелді мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.

Бұдан бөлек, жалған құжат ұсыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Олжас Абай Алматыға келіп, кино саласындағы жұмысына кірісетінін айтты. Ол Instagram парақшасы...