Түркістан облысында 7 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
597

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты 15 шілде күні болған. Түнгі уақытта Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тас жолында Toyota Camry мен Volkswagen Passat көлігі соқтығысқан.

Салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмған.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Желіде тараған ақпарат бойынша жол апатына түскендер жанып кеткен. 6-уы бір ауылдың тұрғындары болуы мүмкін.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

“Тергеу нәтижесі бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – деп хабарлады ведомство.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Ол бұл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың 124 Азаматтық науқаны соңғы ондаған әлеуетті педофилді әшкереледі. Бұл жолы оқиға Тү...