ІІМ Талғардағы оқиғаның видеосын кім таратқаны әлі іздестіріліп жатқанын айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
540

Талғарда 4 қазан күні кешкі уақытта болған қанды оқиғаның видеосын қандай қызметкер таратқаны әлі күнге дейін белгісіз. Ішкі істер министрлігі әлі күнге дейін анықтамаған, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап. 

«Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Осыған қатысты арнайы топ құрылды. Осы топ шешетін мәселенің бірі (авт. – дүкен алдындағы видеоның таралып кетуі) болмақ. Содан кейін қосымша ақпарат беріледі. Кім таратқанын зерттеп жатырмыз. Тергеу барысында анықталады», - деді ІІМ вице-министрі Санжар Әділов БАҚ өкілдеріне берген пікірінде.

Айта кетейік, Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бастапқыда бұл іске байланысты жеті адам қамауға алынды. Кейін 15 қазанда күдіктілер саны онға жетсе, 17 қазанда тағы бір күдіктіқамауға алынған еді

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке і...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балық пен уылдырықты заңсыз сақтағаны үшін 3 жыл бас бостан...