Халықаралық рейс алабай иттің кесірінен кешігіп, багаждар ұзақ кешіктірілген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1779

Шымкент – Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай тұқымды итті багаж бөліміне тиеу кезіндегі қиындықтар болған.

Алайда нағыз шу Түркияға қонған соң басталды. Жолаушылардың чемодандарын бірнеше сағат бойы бермеген. Қолға дипломатиялық қызмет пен полицияны шақыруға тура келген. Себебі, жолаушылардың сөзінше, алабай ит қорабын жыртып шығып, әуежай қызметкерлерін багажға жолатпай қойған.

Оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары «бұл рейстің басты жолаушысы – сол алабай болды» деп қалжыңдауда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Жазбаны Нұрсұлтан Оры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бала үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлай...