Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі кортежінің видеосын көріп, бір күліп алдым. Шулаған тұр...
Қарағандыда жолаушылар мінген автобус өртенді
Фото: ЖИ
71
Қарағандыда қоғамдық көлік өртеніп, полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 29 қараша күні сағат 14:20 шамасында Бұқар жырау көшесіндегі «45 квартал» аялдамасының маңында болған. Көшеде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары №01 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққанын байқаған.
Полицейлер дереу жолаушылар мен 51 жастағы жүргізушіні автобустан түсіріп, қауіпсіз жерге шығарған. Артынша қолда бар өрт сөндіргіштермен жалынды толық ауыздықтаған.
Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.