Түркістанда автокөлік пен тепловоз соғысып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. О...
Зейнетақы жинағының 100%-ын аударуға болады: жаңа тәртіп қашан күшіне енеді?
ЖИ көмегімен жасалынған
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқаруға қатысты жаңа ереже күшіне енеді. Енді БЖЗҚ салымшылары жинақтарының 100%-ын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) бере алады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50%-бен шектелген еді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл мүмкіндікті ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан кез келген БЖЗҚ салымшысы пайдалана алады. Сондай-ақ сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар да жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға бере алады.
Өтінішті БЖЗҚ бөлімшесінде немесе қордың интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы ЭЦҚ көмегімен беруге болады. Салымшы инвестициялық портфельді басқарушыны өзі таңдайды. Қаражатты бір басқарушыдан екіншісіне ауыстыруға немесе Ұлттық банктің басқаруына қайта қайтаруға да мүмкіндік бар.
БЖЗҚ өтініш түскеннен кейін зейнетақы активтерін 30 күнтізбелік күн ішінде аударады. Қор салымшыларға басқарушы компанияны таңдағанда оның табыстылығы мен инвестициялық стратегиясын мұқият зерделеуге кеңес береді.