Партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылғандар тізімі жарияланды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
182

Respublica партиясы жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Партияның мәліметінше, Құрылтай құрамына Бекжан Айтқұлов, Руслан Идрисов, Мейрхат Қасымбаев, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және Айдарбек Қожаназаров енген.

“Ауыл” партиясы Құрылтай құрамына енетін он өкілін жариялады: Қайрат Айтуғанов, Шахмардан Байманов, Захира Бегалиева, Серік Егізбаев, Мұрат Иргибаев, Ажар Каджибекова, Владимир Киян, Алмас Мұхаметов, Динара Райханова және Рабиға Тоқсеитова.

“Ақ жол” партиясы атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылғандар:

1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы

2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы

3. Еспаева Дания Мәдиқызы

4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы

5. Ли Юрий Виссарионович

6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы

7. Шынасылова Мейраш

8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы.

ЖСДП Құрылтай құрамына кіретін сегіз өкілін жариялады: Асхат Рахимжанов, Мақсұт Насибулов, Нұрайнаш Камалова, Лариса Ли, Аслан Құлмағамбетов, Арман Ақылбай, Наурыз Сайлаубай және Ажар Сағандықова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Republic басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бүкіл әлем бойынша АҚШ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік кешеніндегі газ өңдеу нысанында қуатты жарылыс болып, 13 адам қаза...