«Макрон отставкаға кетсін!»: Франциядағы наразылық жаңа деңгейге шықты

ашық дереккөз

PESTEL
99

Францияда өтіп жатқан наразылық акциялары аясында 2027 жылғы президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырған «Патриоттар» партиясының жетекшісі Флориан Филиппо ел президенті Эммануэль Макронды қызметінен кетуге шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Флориан Филиппо елдегі қалыптасқан жағдайға қазіргі мемлекет басшысын жауапты деп санайды. Оның пікірінше, Франция билігінің ұзақ жылдар бойы жүргізген көші-қон саясаты қоғамдағы шиеленістің күшеюіне ықпал еткен.

Саясаткер Макрон үкіметін француз қоғамына бейімделмеген мигранттардың жаппай келуіне жол берді деп айыптады. Сондай-ақ ол кейбір мигранттардың Францияға теріс көзқарасы қалыптасқанын мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық акцияларына қатысушылар көшеге революциялық өзгерістерге шақыратын плакаттар алып шыққан. Шерушілер «Макрон, отставкаға кет!» деп ұрандатқан.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, Парижде 850-ден астам адам ұсталған. Ал Лион қаласында 160, Лилльде 69, Лиможда 17 адамның қамауға алынғаны хабарланды.

Франциядағы наразылықтар мен оппозиция өкілдерінің мәлімдемелері елдегі саяси ахуалға назар аудартты. Әзірге Эммануэль Макронның Флориан Филиппоның отставкаға кету туралы талабына қатысты ресми жауабы туралы ақпарат жоқ.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль парламентін сайлау қарсаңында сол елдің қазіргі премьер-министр...

СПОРТ

Ел қоржынына Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын сыйлаған Еркін Ғаббасов, деп хабарлайды Made...