АҚШ Иранның бүкіл мұнайын тәркілеймін деп қоқан-лоққы көрсетуде

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1321

АҚШ әкімшілігі Вашингтонның Иран иелігіндегі барлық мұнай қорларын тәркілеуге ниетті екенін мәлімдеді. Америкалық тараптың пікірінше, бұл шара Парсы шығанағындағы кеме қатынасы мен энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді жоюға көмектеседі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Әңгіме Иранның мұнай ресурстарын АҚШ-тың бақылауына беру туралы болып отыр. Вашингтондағылар мұндай қадам Ормуз бұғазы айналасындағы шиеленісті сейілтуге мүмкіндік береді деп есептейді.

 Америкалық билік Иранның бұл бұғазды басқа елдерге қысым көрсету құралы ретінде талай рет пайдалануға тырысқанын алға тартуда.

Ақ үй мұнайға бақылау АҚШ-қа өтсе, әлемдік қауымдастық кеме қатынасы мен энергия жеткізілімі үшін азырақ алаңдайды деп санайды.

Сондай-ақ, АҚШ мұнай ресурстарын тартып алу Иран билігін басты табыс көздерінің бірінен айыратынын мәлімдеді. Вашингтонның пайымдауынша, бұл қаражат террористік құрылымдарды қолдауға жұмсалады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...