Меккеге кіруге қатысты жаңа шектеулер енгізілді

Фото: Pixabay

PESTEL
157

Сауд Арабиясында алдағы қажылық маусымына байланысты Мекке әл-Мукаррама өңірінде қажылар үшін жаңа талаптар мен шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ҚМДБ мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықтарды тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында енгізіліп отыр.

Негізгі талаптар:

  • 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында Nusuk платформасы арқылы умра жасауға рұқсат беру уақытша тоқтатылады;
  • 18 сәуірден бастап Мекке қаласына кіруге және онда болуға тек қажылық визасы бар азаматтарға ғана рұқсат етіледі.

Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматтарды соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады, – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінің финал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері психотроптық заттар сататын интернет-дүкен курьерінің қызметін...