Ниязымбет Гауһар. Шабдалы

Фото ашық дереккөзден

ПРОЗА
113

Жаздың жайма-шуақ керемет күндері еді. Ұзын бойлы Ермек биыл сегізінші сыныпты аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Оның әкесі жекеменшік саяжайда бағбан болып жұмыс істейді. Кешке үйге келген әкесі оған кешкі аста ертең жұмысына ертіп баратынын, жеміс жинауға қолғабыс ететінін айтты. Түні бойы Ермек ертең бақшаға баратынын ойлап, көз ілмеді.

– Ертең саяжайға еріп барасың. Жеміс жинап, көмектесетін адам керек.

Таңертеңіне әкесі екеуі аялдамадан жүйткіген сары автобусқа отырып, қала сыртына жол тартты. Автобустан түсіп, саяжайға келді. Келсе, әкесінің басқа әріптестері өздерінен бұрын келіп қойған екен. Ермектің анадайдан ағаш басына шығып, жеміс теріп жатқан өзі құралпы балаларды көзі шалды. Әкесінің әріптестерімен амандасқан ол өзі құралпы балалардың жанына келді. Ермек олармен тез тіл табысып кетті.

– Мен алтыншы сыныпты бітірдім, – деді орта бойлы сары бала.
– Ал мен тоғызыншыны, – деді қараторы ұзын бойлы бала Ерасыл.
– Бүгін анау тұрған қорапты толтыру керек, – деді олар жерде жатқан қорапты нұсқап.

Ермек қараса, қораптың ішінде үш-төрт түйір көк-сары алма жатыр екен.

– Ал ертең басқа жеміс тереміз, – деді олар.

Сары бала ағаш басындағы алмаларды үзіп, жерге тастап, ал Ермек жерге топ-топ етіп түскен жемістерді, алмаларды қорапқа жинап салумен болды.

Түс уақытында балалар аспаз әйелден сорпа алып, ағаш орындыққа отырып, түскі ас ішті.

– Кешкісін жаңағы терген жемісті өлшеп, қанша келі шыққанын есептеп, бригадирге өткіземіз. Бригадир себетімізді өлшеп, ақша береді. Кешке жүк көлігі келіп, жемісті тиеп әкетеді. Сол жақта базарға не болмаса өндіріс орындарына өткізеді.

Кешқұрым балалар жемісті өткізіп, бригадир қабылдап алды. Біршама уақыттан соң фиолетовый түсті жүк салғышы бар жүк көлігі келіп, балалар жеміс салынған қораптарды тиеуге көмектесті. Болған соң бригадир балаларды сапқа тұрғызып, әрқайсысының қолына көк түсті қағаз ақша ұстатты. Ермек ең алғашқы тапқан жалақысына дүкеннен керегін сатып алды.

Ертеңіне Ермек келсе, балалар көлеңкеде отыр екен.

– Бүгін шабдалы теруіміз керек.
– Бригадир жиырма келі шабдалы тересіңдер дейді. Басқа қаладан тапсырыс түсіпті.
– Алихан, бар, қоймадан сатыны алып келші. Қазір бригадир біздің құр отырғанымызды көрсе, ұрсуы мүмкін.

Қараторы бала айтқаннан кейін сары бала Алихан саты әкелуге қойма жаққа кетті. Алихан сатыны алып келгеннен кейін балалар орындарынан тұрды.

– Шабдалы мынау жақта өседі.

Орта бойлы сары бала жол бастады. Саяжайдың оңтүстік-шығыс жағында шабдалы ағаштары топ болып өсіп тұр екен.

– Мұнда шамамен қырық шабдалы ағашы бар, – деді қараторы бала.
– Мен мұнда екінші жыл жұмыс істеп жатырмын. Алдыңғы жылы шие теріп қиналғанбыз. Жемістердің ішіндегі ең қиыны – шие теру. Не қорап толмайды, не үзілмейді, – деді қараторы Ерасыл.

– Ал, сатыға кім шығады?

Қараторы бала басқаларға қарады.

– Мен!

Сары бала қол көтерді. Қараторы Ерасыл сатыны ұстап, ал сары бала сатыға баппен шықты. Күнге қызара таңды жарып, албырап піскен шабдалыны үзе бастады.

– Ермек, мен саған шабдалыны үзіп берейін. Сен оны алып, қорапқа тастай бер. Әйтпесе жерге түссе, жарылып, езіледі ғой, білесің. Одан соң алушылар алмай қоюы мүмкін, бригадир ұрсуы мүмкін.

– Шабдалы өте көп түрі бар жеміс, – деді Алихан шабдалыны үзіп жатып. – Ол көбіне ыстық тропиктік аймақтарда өсіріледі. Ол бір жеміс бергенде он-он бес-жиырма жылға дейін жеміс береді. Оның отаны – Қытай. Ол Орта Азияда кең таралған.

– Оны қайдан білесің?
– Жоғары сыныпта оқитын ағамның кітабынан оқығанмын.
– Шабдалы екі-үш жылда бір жеміс береді. Өсуі ұзақ.
– Мен алдыңғы жылы жұмыс істегенде бұл жеміс әлі піспеген, жасыл түсті еді. Биыл пісіпті, – деді қараторы Ерасыл.
– Негізі шабдалы менің де сүйіп жейтін жемісім.

Осылай деген Ермек себет ішінде жатқан бір шабдалыны қолына алып қарады. Бір жағы қызарып піскен шабдалының денесінде екі-үш қара дағы бар екен. Шабдалыны ауызға салып, тістеп еді, дәмі сулы, шырынды екен.

Бір кезде балалар алыстан келе жатқан қара джипті байқады. Қара көлік саяжай ішіне тоқтап, ішінен қара костюм киген ер адам мен он жас шамасындағы бала түсті.

– Бұлар кімдер?
– Бұл осы саяжайдың егесі мен оның ұлы. Әр сәрсенбі сайын келіп, саяжайдың жағдайымен танысып кетеді.
– Бақшаның жұмысымен танысуға келген ғой.

Костюм киген ер адам бригадирмен сөйлесіп, ал ұлы саяжайдың ішін аралап, басқа қалаған жаққа кетті.

Балалар жеміс теруді әрі қарай жалғастырды. Ермек толған қораптың біреуін қоймаға апарып қоймақ болды. Қорапты көтеріп, қойма ішіне әкеліп қойды. Кетерде қорап ішінен тағы бір хош иісті шабдалыны алып, иісіне шыдамай, бір тістеді. Сол сәтте арт жақтан дауыс шықты:

– Ей, бері қара.

Ермек артына жалт бұрылып еді, осы бақшаның қожайынының ұлы екен. Шашын бір жағына қисайтып, кәсіби шаштараз қиғаны көрініп тұр.

– Неге біздің жемісті рұқсатсыз жейсің?
– Мен жәй тістеп көрдім.
– Бригадирге айтып, жалақыңнан ұстап қаламын.

Бастықтың ұлы шығып кеткеннен кейін Ермек басқа балалардың қасына келді. Ермектің жабырқаған түрін көрген олар не болғанын сұрады.

– Не болды, Ермек?
– Жаңа бастықтың ұлы шабдалы жегенімді көріп, жалақымнан ұстап қаламын деді.

– Оның көзінше жеміс жеуге болмайды. Аты – Алихан. Өзі сондай маңғаз. Тек сатып алып жеу керек.

Ермектің есіне атасының сөзі түсті.

«Жомарт болу ешқашан жамандыққа апармайды. Қолыңда болса, мүмкіндігінше бөліскен жөн. Кең бол».

– Естідіңдер ме, бастық жақында шетелге кетеді екен, – Алихан осылай деді.
– Сол себепті жиі келіп жүргенге ұқсайды.
– Маған атам «кең бол, қолыңдағы барды жұртпен бөліс» деп айтатын. Оған ешкім «кең бол» деп үйретпеген бе?
– Үйретсе де, ол тәртіппен жүретін адам. Ешкімге кеңдік танытпайды, пысқырмайды.
– Мен одан үлкенмін ғой. Ол үлкенді сыйлау керек қой.
– Сен одан қанша үлкен болсаң да, оның қол астында жұмыс істейсің. Ол қаласа, бригадирге де «сен» деп сөйлей алады.
– Ол жақсы жаққа өзгерер ме екен?
– Оны қараңғы қоймаға қамап қойып, «жақсы бол» деп қорқытайын деп пе едің? – Ерасыл тістері жарқырай күлді.

Кешқұрым балалар терген қораптарын алып, бригадирге әкелді. Бригадир қораптарды таразыға өлшеп, әрқайсысына қағаз ақша ұстатты.

– Бағана шабдалы жеген қайсысың?
– Мен!

Ермек қолын көтерді.

– Бұл жерде жеміс жеуге болмайды. Тек сатып алып жеу керек.

Кешқұрым Ермек әкесіне ілесіп, үйіне қайтты.

Қалың ұйқыда жатқан Ермекті дәліздегі телефон шырылы оятты. Телефонды көтерген әкесінің дауысы бөлме ішіндегі Ермекке анық естіліп тұр. Телефонды көтерген Ермектің әкесінің түрі бұзылып кетті.

– Не? Не дейсің?
– Не болды, әкесі?

Ермектің анасы ұйқылы-ояу бөлмеден атып шықты.

– Бастық мінген көлік апатқа ұшырапты.
– Ой, астапыралла-ай...

Ермектің анасы аузын бір алақанымен, бір қолымен басты.

Ермектің әкесі сол бойда көршісі Айдосқа хабарласып, көлік шақырып, ауруханаға кетті. Қонақ бөлмеде болып жатқан әңгімені есік ішінен естіген Ермектің көз алдына кекілін бір жағына қайырған Алихан елестеді.

Арада екі сағат өтер-өтпес Алиханды ертіп әкесі оралды. Қараса, келген екен. Анасы сандыққа тыққан қымбат кәмпиттерін шығарып, Алиханға шәй қайнатып берді.

– Алихан әкесі жазылып шыққанша енді бізбен тұрады, – деді әкесі.

Ермек әкесіне бір, анасы жаққа бір қарады.

– Менің әкем жазылып шығады ма? – Алиханның дауысы діріл аралас шықты. Алиханның жүзінен үрей байқалды.
– Жоқ, олай деме. Әкең әлі-ақ сауығып шығады, – Ермектің әкесі шәйін ұрттады.
– Бүгіннен бастап Алихан Ермектің қасында ұйықтайды.

Шәй ішіп болған соң Ермектің анасы бөлмеге Алиханға арнап төсек салып берді. Түн жарымында Ермек әлдебір көлеңкеден оянды. Қараса, Алихан терең ойға шомған күйі орнынан тұрып отыр екен.

Таң ата Ермектің әкесі Алиханның әкесінің жағдайын білмекке көлікке мініп, ауруханаға аттанды. Таң алагеуімде Ермек оянса, Алихан бір жағына бүк түсіп, қорылдап ұйықтап жатыр екен. Ермектің көз алдына түнгі көрініс елестеді. Ермек киініп, бөлмеден шықты. Анасы таңғы шәйға арнап дастарқан дайындап жүр екен. Әкесі байқалмады.

– Әкең ауруханаға кетті. Алиханды шәйға шақыр.

Ермек бөлмесіне қайта кіріп, қалың ұйқы құшағында жатқан Алиханды оятты. Бір кезде, біршамадан кейін, Алихан көзін уқалап оянды. Қалың ұйқы құшағында жатқан Алихан Ермектің бір-екі мәрте шымшығанынан кейін оянды.

– Тұр, анам шәйға шақырып жатыр.

Осылай деген Ермек қолын жууға кетті. Суды сарылдатып, сабынға қолын үйкелеп, кранға қолын жуды.

Алихан көзін уқалап бөлмеден шықса, Ермек анасының қасында отыр екен.

– Қол жуатын жер ана жақта.

Ермек қолымен шығыс жақты нұсқады. Бір кезде қол жуғыш жақтан сылдырап аққан судың дауысы естілді. Ермек алдында тұрған шәйді ұрттап іше бастады. Алихан қолын жуып, дастарқанға келді.

– Қазір шәй ішіп болған соң шөптерді реттестіріңдер.

Бұл сөздің Алиханға ұнамағаны жүзінен байқалды. Секем алғаны көрінді. Байқалды. Бай баласы мұндай тірліктен мүлдем бейхабар еді.

Таңғы шәйін ішіп болған Ермек пен Алихан далаға шықты. Күн бүгін жерге көлденеңінен түсіп тұр екен. Ермек қорадан әкелген тырманың біреуін Алиханға беріп, өзі шөп шығаруды бастады. Алиханның құр сүлейіп тұрғанын көрді.

– Мен бұрын мұндай тірлік істеп көрген жоқпын, – деді Алихан.
– Еш қиындығы жоқ, – деді Ермек. – Былай ұстайсың да, шөптерді шығара бересің.

Ермек шөп шығаруды жалғастырды. Алихан Ермектің қолының қимылына қарап, шөп шығаруды бастады. Бір уақытта Алиханның ышқынған жан дауысы шықты. Алихан тырманы жерге тастай салып, өзі де жерге отырды. Ермек келіп қараса, қолына тырманың сабының тікені кіріп, сұқ саусағын қанатып жіберген екен. Қаны жерге тамып, ағып бара жатты.

– Ештеңе етпейді, қазір анам байлап береді.

Алихан, Ермек екеуі үйге кірді. Ермектің анасы үйде іс тігіп отыр екен. Алиханның қолының қанағанын көрген Ермектің анасы дәрілік қобдишаның ішінен спиртті алып, Алиханның қанаған саусағын сүртіп, ақ дәкемен байлады.

– Ештеңе етпейді, екі-үш күнде жазылады.

Күрек ұстап үйренген Ермек үшін бұл үйреншікті жарақат еді. Кешқұрым бәрі дастарқанға нан жиналды. Тамақ ішті. Ермектің әкесі тосын жаңалық айтты:

– Саяжай жұмысын уақытша тоқтатыпты. Алиханның әкесі ауруханадан шыққанға дейін саяжай жұмыс істемейді. Саяжай қызметкерлері толық демалады.

Ермек сыртта шөп үстінде отырған. Қараса, көрші үйде тұратын бала Самат пен басқалар Елдос үй жағына келе жатыр екен.

– Ермек, үйіңе қонақ келген бе?

Самат осылай деп сұрады.

– Иә.
– Ол кім? Туысың ба?

Осы кезде Алихан сыртқа шықты.

– Ауылға қош келдің.

Самат Алиханға қолын ұсынды. Самат пен Алихан қол ұстасып, қазақша амандасты.

– Төмпешікке барсақ қалай болады?

Балалар бірігіп, ауыл шетіндегі төмпешікке барды. Күн қызарып, құмның ыстығы Алиханның табанынан өтті.

– Алихан, сен күресе аласың ба? Қане, сынасайық.

Не деп жауап берерін білмеген Алихан өзіне сенімді болды.

– Ендеше күрессек, күресейік.

Самат оны білегінен ұстап, бір көтеріп, топыраққа аунатты. Күресте Алихан жеңіліп қалды. Балалар ду күлісті. Алихан жерге шалқасынан түскен қалпы үсті-басының топырағын қағып, орнынан тұрды. Жерге шырт түкіріп:

– Әттең, сенің үйіңде тұрып жатырмын. Әйтпесе...

Осылай деген ашулы Алихан төмпешіктен түсіп бара жатты. Үйіне кіріп кетті. Алиханның ашулы күйде төмпешіктен түсіп бара жатқаны көпке дейін балалардың көз алдында тұрды.

Кешқұрым ойын ойнап, құмарын қандырған Алихан үйге келді. Қараса, анасы сыртта қазан астына ошақ жағып жүр екен. Киімін ауыстыруға үйге кірген үй ішінен Алиханның қарасы көрінбеді.

– Алихан қайда?
– Ол сенімен бірге емес пе еді?

Анасын үрейлендіргісі келмеді. Алиханның үйге келмегені белгілі. Ауыл іші қауіпті. Бір нәрсеге ұшырап қалмаса игі еді.

Түн ортасында қорадан қорылдаған дауыс естілді. Ермек қораға барса, отырған Алиханды көрді. Үйге кіргісі келмей, қорада ұйықтап қалған екен. Ермек оны жұлқылап оятты.

– Қорада ұйықтағаның қалай?

Алихан ызалы түрде Ермекке қарады. Орнынан атып тұрды.

– Әлі-ақ, әкем ауруханадан шықсын. Сосын көреміз.

Алихан қорадан шығып кетті.

Алихан Ермектің отбасымен бір шаңырақ астында тұра берді. Ермектің әкесі араға екі күн салып, ауруханаға барып тұрды. Ал Ермектің анасы Алиханның әкесіне арнап өз қолымен дәмді тағамдар пісіріп тұрды.

Ермек ұйқысынан оянса, мұрнына иіс келді.

– Ейй, тұр. Мынау мантының иісі ғой.

Ермектің төсектен жалма-жан тұрып кеткенін көрген Алихан орнынан тұрды.

Ермектің анасы:

– Не пісіріп жатырсыз?

Бір күні манты дайындады. Мантының бір бөлігін Ермектер дастарқан басында өздері жеп, ал қалған бөлігін әкесі ауруханаға әкетті. Арада бір ай өтті. Алихан осы отбасының бір мүшесіне айналып кеткендей еді. Бір күні әкесі үйге көңілді оралды.

– Алихан үшін қуанышты жаңалық бар. Жаңа ауруханаға бардым. Жақында әкеңді үйге шығарады екен. Денсаулығы қалпына келіп қалыпты.

Алихан қуанғанымен, жүзінде қимастық сезімі бары аңғарылды.

Арада бір апта өтті. Бір күні ауруханадан қоңырау соғып, Алиханның әкесін ауруханадан шығарғанын хабарлады.

Ермектің әкесі дереу көлік жалдап, Алиханды үйіне жіберді. Ермек Алиханмен қимай-қимай қоштасты. Алихан көлікке отырып жатып, соңғы мәрте Ермекке көз тастады. Жүзінен қимастық байқалды.

Арада тағы бір апта уақыт өтті.

– Ермек, бүгін ерте ұйықта. Ертең саяжайға қайта барамыз.

Саяжай жұмысы қайта жанданды. Ертеңіне Ермек әкесімен бірге саяжайға келді. Жұмысшылар түгел дерлік оралған екен. Балалар бұл жолы жеміс теруді бастап кеткен екен.

– Бір ай ішінде көп тапсырыс түсіпті.
– Кешке дейін отыз қорап жеміс теруіміз керек.

Балалар жеміс теруді бастады.

Бір кезде Алиханның әкесінің қара машинасы көрінді. Ішінен Алихан мен оның әкесі түсті. Алиханның әкесі ауруханадан шыққан соң аяғын әлсін-әлсін сылтып басатын болыпты.

Ермек шабдалы теруін әрі қарай жалғастырды. Бір кезде қасына келген Алиханды байқады. Ермек бір тал шабдалыны аузына салды.

– Ермек, мынау қорап саған.

Алихан жерде жатқан бір қорап шабдалыны көтеріп, Ермекке берді.

– Неге?

Ермек өз көзіне өзі сене алмады. Алихан мүлде өзгеріп кеткен еді.

– Мені кешір.
– Сен шабдалы жемісін сүйіп жейтін едің ғой. Қаласаң, қалағаныңша теріп ал.

Осы кезде Алиханның әкесінің оны шақырған дауысы естіліп, Алихан әкесі жаққа қарай жүгіріп кетті.

Тап осы сәтте Ермек шабдалы алғанына емес, осы бір баланың жақсы жаққа өзгергеніне іштей қуанышты болды.

Ниязымбет Гауһар
2019 жыл

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Шымкенттегі үйлену тойының кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұ...