Қазақтың мұқалмайтын биігі Мұхтар Мағауин туралы 10 дерек

Фото: magauin.com-нан

ҚАЛАМГЕР. 10 ДЕРЕК
1511

Ұлы жазушы, тарихшы, филолог Мұхтар Мағауин дүниеден өтті. "Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар" деген сөзді тиек етіп, елден кетуінің себебін айтқан жазушы Америка Құрама Штаттарында көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Болашақ ұрпаққа өрелі ойлары мен шығармашылығын өмірінің соңғы сәттеріне дейін арнаған Мұхтар Мағауиннің әрбір естелігі мен ой-толғамдары оқырманның санасынан ұмытылмасы анық. 

Жазушының өмірі, отбасы, шығармашылығы туралы дерек пен сұхбаттар легі аз емес. Дегенмен, ықылас білдіріп білсем, танысам деген оқырман бір оқығаннан әртүрлі, маңызды ақпараттармен таныса салмайды. Қазақтың қабырғасын қайыстырған бұл жаңалықты естігенде, оқырманның Мұхтар Мағауин туралы тың деректерді біле жүруі үшін қызық 10 дерек ұсынайық деп шештік. 

Әрбірімізге мәлім жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды әрі қызықты деректерді ұсынамыз. 

Мұхтар Мағауин жастайынан зерек, алғыр болған. Мәселен, Шыңғыс хан туралы Янның романын он жасында оқып шыққан. Ол кезде қатарластары Янның кім екенінен де хабардар болмаған. 

Оқуға, білуге құштар болған жан 19 жасында алғаш рет баспасөз бетінде көрінеді.

Жазуға бет бұрып, сол саланы таңдадым деп барғанда Әбіш Кекілбаевпен бірге оқып, дос болып, бірге жүрген. 

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.