Павлодарда жекеменшік клубтар арасындағы волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде Шымкент волейбол академиясы командасының тәлімгері өз тәрбиеленушісін ұрып жіберді. Енді ол бір жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда матч кезінде бапкер қыздың басынан салып қалған
Фото: видеодан скриншот
Айта кетейік, Павлодардағы турнирде 2012–2013 жылы туған қыздар өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстан волейбол федерациясы Tengri Sport сауалына берген жауабында оқиға болғанын растап, жаттықтырушы жазаланғанын хабарлады.
"Балаға күш қолдану дерегіне қатысты оқиға бойынша федерация шешімімен жаттықтырушы бір жылға шеттетілді. Оған федерация аясында өтетін барлық турнир мен жарыстарда жаттықтырушы, оқытушы болып жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
Осы біріншілікті өткізген ұйым да бұл жаттықтырушыны толық шеттетті, жеке академия да дәл осындай шара қолданды", - деді Қазақстан ұлттық волейбол федерациясының бас хатшысы Мейірбек Нұгұспанов.
Айта кетейік, видеода ойыншы мен жаттықтырушы арасындағы жанжалға не себеп болғаны және оқиға қалай аяқталғаны көрінбейді.