ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Қазақ
51

Кіріспе

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы  бір-бірімен  жиі  қабысып  ұштас келеді. Демографиялық  процестерге обьективтік  түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды.

Егеменді ел болып, іргемізді  бүіндеп  отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз  қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір  жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі  өзгерістерден айқын байқалады.

Халықтың  демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық  санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда  орналасқанын  байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді  Европалық  және  Евразиялық  мемлекет  деп  есептеуге  болады.

Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар,  күңгірт  көріністер  туындайын болса   оның өзінен саны басым халықтармен  іргелес  жатуы  қосымша  қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам  милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек.  «Қара  қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп  бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше  ескерткен. Солтүстігімізде  Қазақстан 15 еседен артық  «ормандай көп орыс»  жайғасқан.  «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын»  деп бұдан 300 жыл бұрын  айтқан екен отаршылдық өктемдіктен  әбден  мезі  болған  момын  қазақ  бабамыз.

Республикамызда славян халықтарымен қатар  түркі  тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай  дәрежеде  қоныстанған.  Олардан  араласудан  тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері,  нәсілі де,  тілі де,  мәдениеті де  бөтен келімсіктерді арамыздан  жылдам ығыстырып  шығаруға  себін  тигізе  алады. Жақын  арада  3-4 есеге  дейін  өсім бере  алатын шығыс  халықтарының саны  республикада  1,5 млн. адам.

Туған  отанымыз  Қазақстанның  бүкіл  Евразия  құрлығындағы  нағыз  демократиялық  өркениетті,  жан-жақты дамыған,  жетілген  елге айналары анық.

Жүктеп алу
13 рет жүктелген
156.00 кб файл салмағы