ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА САЯХАТ

Рефераттар
29

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА САЯХАТ    
1.1. Табиғатқа   экскурсия сабағын ұйымдастыру   
2 ТАРАУ. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС    
2.1. География сабағында өтілетін сабақ
3ТАРАУ. ДИСПУТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА  ҚОЛДАНУ  ӘДІСТЕМЕСІ    
3.1. Пікір – сайыс  - оқытудың   ұлттық  жаңа  үлгісі 
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана  қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады»  деген еді.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған  оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын  ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында  тиімді  қолдануды талап етеді.
Қазіргі кезеңде, басқа пәндерге қарағанда география сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар көп мүмкіндік береді, атап айтқанда, физикалық география курсы бойынша мектеп бағдарламасында табиғатқа міндетті түрде экскурсия (көктемгі, күзгі) өткізу қарастырылған.
География сабағы мен өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Жүктеп алу
4 рет жүктелген
118.94 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
География оқулықтары
Рефераттар
Бразилия. Аргентина
Рефераттар
Болгария мемлекеті
Рефераттар
БҚО табиғат ресурстары
Рефераттар
Бирма мемлекеті