Атырауда полиция қызметкерін көлік қағып кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1842

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

 Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан полция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады. 

Атырау облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптама қорытындысы бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін атап өтті.

Жүргізуші күн сәулесінен жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамағанын айтып, болған оқиғаға өкініш білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...