Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. Қазақстанда күн...
Қазақстанда аптап пен қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Егемен Қазақстан газеті
5 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық пен қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.
Ертең Қостанай облысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында 5 тамызда найзағай ойнайды. Облыстың көп бөлігінде күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жамбыл облысында 5-6 тамызда найзағай күтіледі. Ертең өңірде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтілсе, Қызылорда облысында қатты ыстық салдарынан өрттің жоғары қаупі сақталады. Ертең Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында кейде қатты жаңбыр, найзағай, сондай-ақ желдің екпіні 20 м/с дейін күтіледі.
5 тамызда Атырау облысында қатты ыстық 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыста өрттің жоғары қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында ертең қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтілуде. Облыстың көп бөлігінде түнде найзағай ойнайды. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде өрттің жоғары қаупі сақталады.
5 тамызда Абай облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде найзағай ойнайды. Ертең Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы күтілуде. Найзағай мен бұршақ 35 градусқа дейін қатты ыстықпен ауысады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 5 тамызда Ақмола облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтілсе, Ұлытау облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Ертең Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Облыстың көп бөлігінде күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 5 тамызда Қарағанды облысында түнде найзағай күтіледі. Өңірде өрттің жоғары қаупі сақталады.